{metadescription}
Белгілі блогер қыз бұрын еркек болғанын мойындады

Белгілі блогер қыз бұрын еркек болғанын мойындады

NikkieTutorials деген лақап атпен желіде танымал голландиялық сұлулық блогері Никки де Ягер көп алдында өзі туралы шындықты жария етті.

"Осы жылды шындықпен бастағым келеді, мені өзім еткен өмірімнің жасырын тұсы туралы айтсам ба деймін. Бүкіл әлем алдында бұл туралы айтып отырғаныма сене алар емеспін, бірақ қарғыс атсын, жұмбақтауды қоямын", - деді ол желідегі видеосында.

Сөйткен блогер "бөтен денемен" туылғанын айтқан. Балалық шағында Никки өзінің ұл емес екенін сезініп, қуыршақтармен ойнап, қыздарша киініп жүргенді жақсы көрген. 14 жасында ол гормондар қабылдап, 19 жасында өзге жынысқа өту процесі толығымен аяқталған.

Никки блогер ретінде видео түсіруді 2008 жылы бастады, бірақ ол желіде 2015 жылы "Макияждың құдіреті" видеосынан кейін танымал болды. Қазір оның желідегі арнасына 12,7 миллион адам тіркелген.

Дереккөз: zakon.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде