{metadescription}
Ақтауда құрылыс алаңында мұнаралы кран құлап кетті

Ақтауда құрылыс алаңында мұнаралы кран құлап кетті

Ақтаудағы құрылыс нысандарының бірінде мұнаралы кран құлап кетті.

Бүгін, 14 қаңтарда салынып жатқан ғимарат аумағында мұнаралы кран бөлініп қалған. Оқиға шамамен күндізгі 16:00-де, 19 шағын ауданда болған. Құлаған кран түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Бейнежазбада екі ер азаматтың әңгімесі естіледі. Біреуінің сөзінше, көшеде өтіп бара жатқанда көтермелі кран өз-өзінен құлай бастаған. 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта оқиға орнында тәртіп сақшылары бар. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.