{metadescription}
Қазақстанда теле-радиохабар тарату уақытша тоқтатылды

Қазақстанда теле-радиохабар тарату уақытша тоқтатылды

Бүгін, 15 қаңтарда профилактикалық жұмысқа байланысты Қазақстанда теле-радиохабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды «Қазтелерадио» компаниясы.

«2020 жылғы 15 қаңтарда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

«Бұл жұмыс телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», - делінген хабарламада.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.