{metadescription}
АҚШ-тың Ирактағы тағы бір әскери базасы атқыланды

АҚШ-тың Ирактағы тағы бір әскери базасы атқыланды

АҚШ-тың Бағдатқа жақын орналасқан әскери базасына шабуыл жасалды.

Зымыранмен атқылау 14 қаңтарда болған.

"Эт-Тажи" әскери базасы "Катюша" типті қондырғылармен атқыланды", - деп атап өтті әскерилер.

Сондай-ақ, АҚШ басқаратын коалицияның сарбаздары базаны атқылау салдарынан зардап шекпегені хабарланды. Американың Ирактағы әскери базаларына бірнеше айдан бері шабуыл жасалуда, мұндай оқиғалар қаңтар айының басында АҚШ Бағдад әуежайының жанында Иран әскери қолбасшысы Кассем Сулейманиді өлтіргеннен кейін күшейе түсті.

Бұған дейін, 8 қаңтарға қараған түні Ислам революциясы сақшылар корпусының әскерилері Ирак аумағында орналасқан "Айн-аль-Асад" базасы мен Эрбилдегі әуежайды атқылады.  

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде