{metadescription}
Алматыда ер адам такси жүргізушісіне пышақ салды

Алматыда ер адам такси жүргізушісіне пышақ салды

Алматыда мас ер адам такси жүргізушісіне екі рет пышақ салды.

2020 жылы 12 қаңтарда зардап шеккен такси жүргізушісі - азамат Б. 1987 жылғы Шұғыла ықшамауданындағы тұрғын үй кешендерінің біріне екі баласымен отырған отбасылық жұпты апара жатқан. Жолаушылар көліктен түсе бастағанда жүргізуші қозғалыс кезінде балалардың бірі көлік орындығына құсқанын байқап, көлікті жуу үшін қосымша ақы сұраған. 

«Осыдан кейін жүргізуші мен жолаушы арасында жанжал шығады. Мас ер адам әйелі мен балаларын үйге кіргізіп, ақша алып шығатынын айтқан. Кепілге ол ұялы телефонын қалдырып кеткен. 5-7 минуттан соң әлгі азамат қайта оралып, такси жүргізушісіне пышақпен екі рет соққы жасаған. Сол қолының шынтағы мен ішіне сұғып алған», - деп хабралайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Дәл сол күні осы дерекке қатысты Наурызбай аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Аталған факті бойынша 31 жастағы күдікті ұсталды.

Кеше

21 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде