{metadescription}
Алматыда мүгедек әйелді күтуші соққыға жығып, тонап кетті

Алматыда мүгедек әйелді күтуші соққыға жығып, тонап кетті

Алматыда мүгедек кейуанаға бір ай бойы күтім жасаған медбике, ақырында оны соққыға жығып, тонап кетті.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, күтуші мүгедек әйелді үйде өздері қалған кезде ұрып жүрген. 1953 жылы туылған әйелді таңғы 9-дан кешке дейін ұрып-соққан. Дауысын шығармас үшін аузына шұлық тығып, оны тепкілеп, үстіне секірген. Медбике оны тұншықтырып, өз қолымен өлтіремін деп айқайлаған. Мұның бәрі кейуананың үйіне күтушінің өзімен бірге тұратын ер адамды ертіп келіп, арақ ішуінен басталған.

Бұл кезде әжейдің ұлы мен қызы жұмыста болыпты. Арақ ішіп отырған олардан кейуана су сұрапты. Сол кезден бастап ол соққыға жығылған. Осы олы ол оны соққыға жығып, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдары мен ұялы телефонын алып кеткен.

«Бостандық ауданының полиция қызметкерлері ҚР ҚК 389-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Кеше

21 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде