{metadescription}
Денесі жыланның терісіне ұқсайтын бала бар

Денесі жыланның терісіне ұқсайтын бала бар

Үндістанның Орисса штатында сирек кездесетін дерт түрімен ауыратын он жасар бала жылан атанып кеткен.

Джаганнаттың бүкіл денесі жыланның терісіне ұқсайды, қатты жарылып,терісі құрғап кеткен.Оның сыртқы келбеті жыланның түр-сипатына ұқсайды.Баланың  айықпас дертке шалдығу себебі - ламельдер ихтиоз тері ауруынан. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, балаға  сағат сайын жуынып, денесіне бірнеше рет ылғалдандыратын жақпамай жағуға мәжбүр.

Джаганнаттың терісінің құрғақтығы соншалықты ол орнынан әрең қозғалады. Оның әкесі Прабакар Прадан күріш алқабында еңбек еткендіктен ұлының еміне ақша төлей алмайды.

Ламелларлы ихтиоз - сирек кездесетін туа біткен тері ауруы. Ол 600 мың адамның біреуінде кездеседі. Бұл дертті емдеу мүмкін емес, алайда дәрілер мен ылғалдандыратын кремдердің көмегімен ауруды жеңілдетуге болады.

Кеше

21 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде