{metadescription}
Асқар Мамин қызметінен кетті

Асқар Мамин қызметінен кетті

Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті.

Осындай құжат eGov порталында жарияланды. Үкімет қаулысымен премьер-министр Асқар Мамин директорлар кеңесі құрамынан шығарылды. Сондай-ақ, кеңестен Президент көмекшісі Тимур Сүлейменов те кетті. 

Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі Президент көмекшісі Қанат Бозымбаев болды. Шешім 1 қаңтардан бастап күшіне енді. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ директорлар кеңесінің құрамы келесідей:

  • Қанат Бозымбаев - Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі;
  • Руслан Даленов - Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі;
  • Ахметжан Есімов - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы;
  • Ричард Эванс - тәуелсіз директор;
  • Альпер Акдениз - тәуелсіз директор;
  • Вильгельм Бендер - тәуелсіз директор.
ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.