{metadescription}
Қарағандыда боранда адасып кеткен шопан табылды

Қарағандыда боранда адасып кеткен шопан табылды

Балқаш қаласының маңында құтқарушылар жоғалған ер азаматты іздеп тапты.

Кеше күндіз Қоңырат кентінің жанында орналасқан қыстақта боранға қарамастан малын іздеуге кеткен шопан жоғалып кеткен еді. 15 қаңтар сағат 21:00-де Балқаш қаласы Қоңырат кентінің маңында іздестіру-құтқару жұмысы жүргізілді. 1957 жылы туған ер адамның туыстары алаңдаушылық білдіріп, жедел желіге хабарласқан.

Ол шамамен 14:00-де шаруа қожалығынан шығып, малын іздеуге аттанған. Іздестіру жұмыстарына Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелері және жоғалған адамның туыстары атсалысты. Бұл шараға барлығы 15 адам мен 5 техника жұмылдырылды. 22:40-та ер адам шаруа қожалығынан 1,5 шақырым жерден табылған. Түк көрінбейтін ақтүтек боран салдарынан ер адам адасып, қайтар жолды таба алмай қалған.

Құтқарушылар шопанның малымен бірге үйіне жетуіне көмектесті. Құтқарушылар ауылдық жерде тұратын халықтың ауа райы нашарлаған кезде алыс қашықтыққа жаяу саяхатқа шықпауын өтінеді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.