{metadescription}
Елордада оқушы сыныптасын пышақтап тастады

Елордада оқушы сыныптасын пышақтап тастады

Елорда мектептерінің бірінде 10 сынып оқушылары төбелескен.

«16 қаңтарда қала мектептерінің бірінде 10-сыныптың оқушылары бір-бірімен төбелесіп, бірі екіншісін пышақтап тастаған. Төбелес кезінде пышақ жұмсаған бала да өз қолын жарақаттап алған», - деді қалалық Полиция департаментінен.

Болған оқиғаны көріп қалған куәгер бірден полиция шақырған.

«Оқушыларға медициналық көмек көрсетілді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп толықтырды полиция.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде