{metadescription}
Ғалымдар адам етін жейтін мысықтардың пайда болғанын ескертеді

Ғалымдар адам етін жейтін мысықтардың пайда болғанын ескертеді

Қоқыста, сондай-ақ, қаңғыбас иттер де жүрген, бірақ бір қызығы, олар адам етіне тіпті жақындамаған да.

Америкалық ғалымдар адам етін жеуге кіріскен жабайы мысықтардың пайда болғанын айтты. Ғалымдар Колорадо штатындағы жерленбей қалған мүрделерді апарып тастайтын қоқысқа ғалымдар арнайы бейнебақылау камераларын орнатқан. Әзірге оған екі мысық іліккен. Оның бірі ең алғаш 2017 жылдың соңында өлген бір адамның денесін жеп дәмін алған соң, 35 күн бойы әр түн сайын соған қайта оралып отырған. Ал араға біршама ай салып, сол аумақта екіншісі пайда болып,  сосын екеуі тағы бір мүрдені тауып, бірнеше түн сонымен қоректеніп отырған.

«Олар негізі қарындары ашқан соң тамақ іздеп шыққан, нәтижесінде іздегендерін адам етінен тапты», - дейді зерттеу полигонының лабораториялық менеджері Александр Смит (Alexander Smith).

Бақылау нәтижелері Journal of Forensic Sciences-те жарық көрген ғылыми жұмыста баяндалған. Полигон аумағын үш метрлі қақпа қоршап тұр, оның іргетасы 70 см тереңде жатыр. Алайда мысықтар мен жыландар оған өрмелеп шығып кеткен. Қоқыста, сондай-ақ, қаңғыбас иттер де жүрген, бірақ бір қызығы, олар адам етіне тіпті жақындамаған да.

2017 жылы австралиялық Фрэнк Скотт өзі қайтыс болған соң денесін зерттеу полигонына беруге өсиет қалдырған. Ол өзін ғылымның қажетіне құрбан еткісі келіпті, себебі дәрігерлер оны бір емес, бірнеше мәрте ажал аузынан арашалап қалса керек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.