{metadescription}
Жанартаудың атқылау салдарынан 14 қала жабылды

Жанартаудың атқылау салдарынан 14 қала жабылды

Тааль жанартауының атқылауына байланысты жергілікті тұрғындар үшін Филиппиннің Батангас провинциясында жабылып қалған қалалардың саны 14-ке дейін өсті.

Бұған дейін Филипиннің төрт қаласының жабылғанын хабарланған болатын. Жергілікті табиғи апаттардың салдарын басқару және азайту жөніндегі жергілікті басқарма басшысы Лито Кастроның айтуынша, жұма күні 14 шақырым радиустағы қауіпті аймақта тұратын барлық жергілікті тұрғынға үйлеріне оралуға тыйым салынған. Кастро жұма күнгі мәлімет бойынша 66 мыңнан астам адам 283 эвакуациялық орталыққа жайғастырылғанын атап өтті.

Өткен жексенбі күні Тааль жанартауы оянып, бір шақырым биіктікке күл атқылады. Жанартаудың атқылауы салдарынан Филиппин билігі Батангес провинциясындағы үш елді мекеніндегі 80 мыңнан астам адамды эвакуациялауға кіріскен болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.