{metadescription}
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов екі айға қамалды

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов екі айға қамалды

Шешім Павлодарлық мамандандырылған тергеу сотында қабылданды.

Болат Бақауовқа Қылмыстық Кодекстің 362 бабы 4-ші бөлігі үшінші пункті бойынша қылмыс жасады деген күдік келтіріліп отыр. Бұл баптар өзіне және өзге азаматтар мен ұйым үшін пайда табу мақсатында қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану дегенді білдіреді. Осындай қылмысқа барғаны үшін мал-мүлкі тәркіленіп, 5-тен 10 жылға дейін сотталады және қандай да бір лауазымды атқаруға тыйым салынады.

Прокурор Рустам Сәдуақасов соттан Болат Бақауовты екі айға немесе 16 наурызға дейін қамауда ұстауды сұрады. Себебі облыстың экс-әкім бостандықта жазадан қашып болмаса тергеу жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін. Болат Бақауов өзіне тағылып отырған айыппен келіспейтінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бақауов лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін күдікті екені хабарланған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 15 қаңтарда қылмыстық іс бойынша жедел тергеу іс-шараларын өткізді.
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде