{metadescription}
Алматыда экс-аудан әкімі жемқорлықпен ұсталды

Алматыда экс-аудан әкімі жемқорлықпен ұсталды

Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі Шахмерден Рыспаев ұсталды.

"Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі, оның орынбасары, сондай-ақ осы аудан әкімі аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын әшкереледі. Олар 2019 жылы "Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінді", - делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары құжатқа жалған мәліметтер енгізгені үшін мердігерлік ұйым өкілінен 500 мың теңге параны банктік шотқа аудару арқылы алу деректері бойынша тергеу жүріп жатыр.

"Аудан әкімі мен оның орынбасары Алматы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр. Әкімдіктің мәдениет бөлімінің басшысы ұсталған жоқ, себебі күдікті кінәсін мойындап, қорғаушысымен бірге шақыртуға келу туралы міндеттеме берді", - деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Күдіктілердің кінәлілік дәрежесі туралы соңғы шешімді сот шығарады.
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде