{metadescription}
Жүк көлігінен 10 музыканттың күйік шалған мәйіті табылды

Жүк көлігінен 10 музыканттың күйік шалған мәйіті табылды

Мексиканың оңтүстік батысының Герреро штатындағы Чилапа-де-Альварес ауданынан полиция қызметкерлері жүк көлігінен күйік шалған 10 адамның мәйітін тауып алды.

Бұл туралы Televisa телеарнасы аймақтың прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды. Мәйіттер жергілікті «Сенсасьон» музыкалық ұжымының өкілдеріне тиесілі.

Музыканттар өнер көрсетіп, қайтып келе жатқанда қылмыскерлердің тұзағына түсуі мүмкін деген болжам бар. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеуді бастап кетті.

Дерекөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде