{metadescription}
Жаңа жыл мерекесінде алып шошқалар өз иесін жеп қойған

Жаңа жыл мерекесінде алып шошқалар өз иесін жеп қойған

Польшада 71 жастағы фермердің мәйітін үй ауласынан көршісі тапқан.

Ол жаңа жылдан бері көрмеген досын іздеп үйіне келген, бірақ шашылған сүйектер мен құдықтың жанында жатқан бассүйектің сынықтарын тауып алған. Алдын ала болжам бойынша, зейнеткерді өзінің венгерлік мангалиц тұқымды алып шошқалары жеп қойған. Орын алған трагедияның толық мән-жайы әлі анықталуда. Биліктің айтуынша жануарлар  қожайыны өлген кезде жеген деген болжам айтады. Зейнеткердің құдықтан су алған кезде жүрегі ұстап қалуы мүмкін. Алайда көршісі аш шошқалар тірі адамға шабуыл жасай алды деп санайды. Оның айтуынша, қаза тапқан адам мас болып, көшеде ұйықтауы мүмкін.

"Ол шошқаларын тамақтандыруды ұмытып, ұйықтап кеткен. Бұл шошқалар үлкен, олар барлық учаскеде жүгіреді, оларға ештеңе жетпейді. Біз олардан қорқып жүреміз", - дейді көршісі.

Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды. Зооқорғаушылар шошқалар адам жей алатынына сенбейді. 

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.