{metadescription}
ШҚО-да кенші қар көшкінінің астында қалып көз жұмды

ШҚО-да кенші қар көшкінінің астында қалып көз жұмды

«Шығыстүстімет» ЖШС Артемьев өндірістік кешеніне қарасты «Камышенский» карьерінде жазатайым оқиға тіркелді.

«2020 жылғы 18 қаңтарда сағат 10:00 шамасында карьер ернеуінен көшкен қалың қардың астынан қазандық қызметкерінің денесі табылды», - делінген компанияның хабарламасында.

Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда. Қайғылы оқиғаны тергеу мақсатында арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза болған қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

30 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.