{metadescription}
Денсаулыққа зиян болмас үшін адамның қанша сағат ұйықтағаны жөн

Денсаулыққа зиян болмас үшін адамның қанша сағат ұйықтағаны жөн

Нәтижесінде ұйқы жасқа байланысты қанша уақытқа созылатындығы туралы жаңартылған ұсыныстарды жасап шыққан.

Адамдардың санасында: "жақсы демалу үшін, таңертең сергек ояну үшін көбірек ұйықтау керек " деген түсінік қалыптасқан. Бірақ жақсы демалу үшін көп ұйықтау маңызды емес.

Не үшін көп ұйықтау аз демалған сияқты зиян? Ұйқының жетіспеуінің көптеген жағымсыз салдары бар: шаршау мен жұмыста ұйқылы-ояу отырудан бастап, кофе мен түрлі сергітетін энергетикалық сусындар ішу. Ал, ұйқының шамадан тыс болуы да айтарлықтай проблемалар тудыруы мүмкін.

Жақында мамандар 500 мың адам қатысқан қызықты тәжірибе өткізді. Онда анықталғандай кез келген ересек адам 6 сағаттан аз ұйықтаса, 8 сағаттық ұйықтайтын адамға қарағанда ерте өлу мүмкіндігі 12 пайызға жоғары болады екен. Ал керісінше, күніне 9 сағаттан ұйықтауды әдетке айналдырғандар арасында бұл мүмкіндік бұдан да көп – 30 пайыз.

Сонымен бірге, адамдарда күніне 8-9 сағат ұйықтаса, онда оның жүрек, қан-тамыр ауруларымен ауруы мүмкіндігін білдіреді. Тиімді және денсаулыққа зиян болмауы үшін қанша ұйықтау қажет? 

Америкалық ғалымдар бұл сұрақ төңірегінде бас қатырып, беделді денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері: неврологтар, психиатрлар, геронтологтар, педиатрлардан құралған топ құрған. Екі жыл ішінде зерттеушілер ұйқы, оның денеге және денсаулыққа әсері туралы ғылымиммақалалар мен есептерді мұқият зерттеген. Нәтижесінде ұйқы жасқа байланысты қанша уақытқа созылатындығы туралы жаңартылған ұсыныстарды жасап шыққан.

0-3 айлық сәбилер — 14-17 сағат.

4–11 айлық сәбилер— 12-15 сағат.

1-2 жастағы балалар — 11-14 сағат.

Мектеп жасына дейінгі балалар (3-5 жас) — 10-13 сағат.

Бастауыш сынып оқушылары (6–13 жас) — 9-11 сағат.

Жасөспірімдер (14-17 жас) — 8-10 сағат.

Жастар (18-25 жас) — 7-9 сағат.

Үлкендер (26-64 жас) — 7-9 сағат.

Қарттар (65 жастан ары қарай) — 7-8 сағат.

Сандар әр адамның жеке ерекшеліктеріне қатысты. Яғни, адамға қажет ұйқының мөлшері жасқа ғана емес, өмір салтына, белсенділік деңгейіне және жалпы денсаулығына байланысты.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде