{metadescription}
Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Солтүстік және оңтүстік циклондармен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның барлық аумағына дерлік әсер етеді. Осыған байланысты қар жауады, оңтүстік-батыста және оңтүстікте - жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Солтүстік және шығыста боран соғады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын көтеріледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні - 15-20 м/с. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде