{metadescription}
5 жасар бала шахматтан Қазақстан чемпионы атанды

5 жасар бала шахматтан Қазақстан чемпионы атанды

Алматыда 18 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан өткен Қазақстан чемпионатында 6 жасқа дейінгі топта павлодарлық Эльсид Эльмурзиев жеңімпаз атанды.

Шахматтан Павлодар облысының аға бапкері Арман Габдушев бес жасар бүлдіршін мұндай қарқынды өнер көрсетеді деп ойламаған.

«Эльсидтің нәтижесі қатты қуантты», - деді Арман Габдушев.

Бұл жастағы топта көптен бері біздің спортшылар жеңімпаз атанбаған еді. Басында Эльсид көш бастап келе жатып, қатарынан 2 рет жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Одан кейін өзін қолына алып, 2 ойында ұтып, 1-орынға қол жеткізді. Бұлай ерекше өнер көрсетеді деп күтпеген едік. Сонымен қатар, аталған чемпионатта 8 жасқа дейінгі топта тағы бір павлодарлық Ахмет Сулейман 3-орынды иеленді.  

«8 жасқа дейінгі топта 6 жастағылардан қарағанда көп қатысушы болады», - деді аға бапкер.

Cәйкесінше, бәсекелестік жоғары. Сулейманның 3-орын алуы - өте жақсы нәтиже.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде