{metadescription}
Макгрегор Серронені жойқын нокаутқа түсірді

Макгрегор Серронені жойқын нокаутқа түсірді

Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын.

Алайда Макгрегор октагонда небәрі 40 секунд болып, қарсыласын сұлатты. Ирландиялық Конор Макгрегор америкалық Дональд Серронені нокаутқа түсірді. Ол небәрі 40 секунд ішінде жеңімпаз атанды. UFC 246 турнирінің жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтті. Кездесу бес раундқа жоспарланған болатын.

Алайда UFC жұлдызы Конор Макгрегор қарсыласын соққы астына алып, бір минутқа жетпей нокаутқа түсірді. 31 жастағы ирландиялық үшін бұл аралас жекпе-жектегі 22-ші жеңісі. Төрт рет жеңілген болатын. Ал 36 жастағы Серроне осымен 14-ші кездесуін жеңіліспен аяқтап отыр. 36 рет жеңіске жеткен. MMA Fighting басылымы Невада штатындағы Атлетикалық комиссияға сілтеме жасап бұл кездесу үшін Макгрегор 3 миллион доллар алатынын айтты. Ирландиялық үшін бұл карьерасында жекпе-жек үшін алған ең жоғары сома. 

Еске сала кетсек, 2018 жылдың ұазан айында Хабиб Нурмагомедовтан жеңілген соң Макгрегор октагонға алғаш рет шығып тұр. Кездесуден кейін командалар арасында жанжал мен төбелес шығып, екі спортшы да алдағы жекпе-жектерден шеттетілген болатын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде