{metadescription}
Көңілдесінің мүдегек ұлымен төсектес болған әйел оны өлтіріп тастады

Көңілдесінің мүдегек ұлымен төсектес болған әйел оны өлтіріп тастады

2018 жылы 1 сәуірде клубта билеумен айналысатын Миллс көңілдесінің ұлы Уайттің үйінде онымен төсектес болып, төсектегі ақысы үшін есірткі мен ақша талап етеді.

Американың Вирджиния штатына қарасты Рурал-Ретрит қаласының тұрғыны көңілдесінің ұлын өлтіріп қойды. Ол мұндай жауыздыққа ақша мен есірткіге қол жеткізу үшін барған. 43 жастағы Роэна Шерил Миллс түнгі клубта стриптизер болып жұмыс істеп жүрген кезінде Джеймс есімді жүк көлігінің жүргізушісімен танысады. Содан бастап жақын араласып, екеуі көңілдеске айналады. Олар шамаман бір жылдай жақын жыныстық қарым-қатынаста болады. 

Джеймс көңілдес әйелін 29 жастағы ұлы Бо Уайтпен таныстырады. Ұлы мүгедек болатын. Ол еңбекке қабілетсіз болғандықтан, денсаулық жағдайына байланысты жәрдемақы алатын. Ол "Зведные войны" көріп, түрлі фильмдердің кейіпкерлерінің пішіндерімен ойнағанды ұнататын.

2018 жылы 1 сәуірде клубта билеумен айналысатын Миллс көңілдесінің ұлы Уайттің үйінде онымен төсектес болып, төсектегі ақысы үшін есірткі мен ақша талап етеді. Осыдан кейін әйел, мүгедек баланы аяусыз ұрып, асхана пышағымен бауыздап, басын кесіп тастайды. 

Джордж Сайтлер, сот отырысы барысында Миллстің есірткіге тәуелді болғанын айтып, өз қызығушылығын қанағаттандыру үшін мүгедек жігітті пайдаланғанын хабарлады. Миллс болса, оны өлтірмегенін айтып, "мені әкесі  мүгедек ұлынан қызғанғандықтан өлтірді" деп жалтарады. Миллстің мұндай қорғану тәсіліне қарамастан, сот оны адам өлтіргені үшін кінәлі деген шешім шығарды.  Енді ол, мерзімінен бұрын шартты түрде босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: sn.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде