{metadescription}
Оралда автобус ішінде кондуктор мен жолаушы төбелесті

Оралда автобус ішінде кондуктор мен жолаушы төбелесті

Оралдағы автобуста жолаушы мен кондуктор жаға жыртысты. 

Орал қаласы жолаушылар көлігі және автомомобиль бөлімі жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Алмас Ахошевтің айтуынша, оқиға 19 қаңтарда  сағат 16.40 шамасында №22 бағытпен жүретін автобуста болды. Бейнежазбада кондуктордың жолаушыны бірнеше рет соғып-соғып жібергені байқалады. 

Кондуктордың түсініктемесіне қарағанда, медколледж аялдамасынан құс фабрикасы ауданына қарай кетіп бара жатқан жолда ер адам белгіленбеген жерден тоқтауды талап еткен. Ол жерде жаяу жүргінші жолы да жоқ. Автобус тоқтамағаннан кейін ер адам мен кондуктор сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан.

22-бағыттағы автобус қарайтын "Батыс Қазақстан автобустар автопаркі" ЖШС басшыларының мәліметінше, жүргізуші мен кондукторға қатаң сөгіс жарияланыпты. Аталған іс бойынша ешкім шағым түсірмеген. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде