{metadescription}
Дәрігер минералды судың несімен қауіпті екенін айтты

Дәрігер минералды судың несімен қауіпті екенін айтты

Минералды суды шамадан тыс көп пайдалану денсаулыққа қауіп төндіріп, бірқатар аурулар тудыруы мүмкін.

Бұл туралы ресейлік дәрігер-диетолог Елена Соломатина мәлімдеді. Дәрігер-диетолог Елена Соломатинаның айтуынша, минералды сулар асханалық, емдік және емдік-асханалық болып бөлінеді. Оларда тұз концентрациясының деңгейіне байланысты бір-бірінен айырмашылықтар бар.

Дәрігердің айтуынша, минералды су қауіпті аурулардың пайда болуына әкеледі. Диетолог минералды суды көп ішкендердің бауырында тас жиналатынын айтады.

"Барлық судың минералдығы әртүрлі болады. Мысалы, емдік минералды судың минералдығы өте жоғары болады, онда бір литрде шамамен 10 грамм су болады. Ал емдік әрі ас минералды суында 3-10 грамм тұз болады. Емдік минералды суды күніне 2 литрге дейін ішу қауіпсіз. Ол сумен тамақ әзірлеуге де болады", - дейді диетолог.

Бірақ минералды судың емдік түрін пайдаланғанда абай болған жөн. Оны тек ішқұрылыс, ұйқыбез, бауыр, зәр шығару жүйесінің аурулары және подагра, гастрит, асқазан жарасы секілді дерт кезінде ішкен дұрыс. 

"Құрамында кальцийі көп минералды суларды шамадан тыс ішу бүйректегі тастың жиналуына алып келеді", - дейді дәрігер. 

Сонымен қатар тұзы көп минералды суды көп ішу гиперкальциемия, тромбтардың түзілуі мен аритмияға соқтырады. Маманның сөзінше, емдік минералды суды шамадан артық қолданған жағдайда қандағы кальций мөлшері - гиперкальцемия артады. Ол қанның ұюын күшейтіп, нәтижесінде ұйысқан қан пайда болады. Ал бұл инфаркт пен инсульттің қаупін арттырады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде