{metadescription}
КТК арнасының тілшісі Гүлмира Әбіқай «Жылдың үздік тележүргізушісі» атанды

КТК арнасының тілшісі Гүлмира Әбіқай «Жылдың үздік тележүргізушісі» атанды

Елордада «Халық сүйіктісі» сыйлығын тапсыру салтанатты шарасы өтті.

Салтанатты шараға Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысты. «Жылдың үздік тележүргізушісі» сыйлығы КТК телеарнасының «Дау-дамайсыз» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Гүлмира Әбіқайға берілді.

 

«Қымбатты ханымдар мен мырзалар! Негізінде мынадай ортаға біз жиі келеміз, себебі жыл он екі ай ауылды, аймақты заңсыздықты аралаймыз. Сондықтан ұйымдастырушыларға мың алғыс! », - деп Гүлмира Әбіқай алғысын білдірді. 

Сенат депутаты Дана Нұржігіт Исландияда іс-сапармен жүргенде марапат иегерін құттықтағаның жазған болатынбыз.

Өзге жеңімпаздар есімі:

«Жылдың үздік мәдениет қайраткері» - қазақ әншісі, композитор Димаш Құдайберген;

«Жылдың үздік мұғалімі» - Нұр-Сұлтан қаласындағы экономикалық лицейдің педагогы Ербол Әренов пен Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры Түймеш Дәрішева;

«Жылдың үздік дәрігері» - ҚР ПІБ №1 МОА хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Талапбек Әженов;

 «Жылдың үздік спортшысы» - танымал қазақ дзюдошысы, Рио-де Жанейро-2016 Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов;

 «Жылдың үздік спортшы қызы» - Мәнерлеп сырғанаудан 2019 дылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева;

 «Жылдың үздік парламентарийі» - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев;

 «Жылдың үздік публицисі» - 30 кітап авторы, публицист Бақытқожа Рүстемов;

 «Жылдың үздік ақпараттық интернет-басылымы» - Informburo.kz;

 «Блог саласының көшбасшысы» - Facebook блогері Самат Нұртаза;

 «Жылдың үздік трэвел-блогері» - бизнесмен, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Мирас Шекенов;

 «Жылдың үздік кәсіпкері» - "Гормолзавод" ЖШС-ның бас директоры Асен Жақсылықов;

 «Жылдың үздік әлеуметтік белсендісі» - эколог Шасалим Шагалимов;

 «Жылдың үздік вайнері» - Серғазы Тоқтарбек (Seka Vines).

 «Отандық дипломатияны дамытуға қосқаны үшін» құрметті сыйлығы - Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысовқа;

 «Жыл қалауы» құрметті сыйлығы - Динара Закиеваға;

 «Жылдың әлеуметтік жобасы» - Шаттық Сүйінішова;

 «Жыл әскери адамы» - суға батқан 2 жасар баланы құтқарып қалған әскери қызметші Әлішер Табылдиевке;

 «ТМД кеңістігіндегі мәдениетаралық диалог үшін» - суретші Никас Сафроновқа берілді.

Мұнан бөлек, сыйлық төрешілерінің шешімімен  «Алтын дәуір» арнайы жүлдесі танымал қазақ композиторы, мемлекет қайраткері Төлеген Мұхамеджанов пен спорт комитетінің бұрынғы төрағасы Анатолий Құлназаровқа берілді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде