{metadescription}
Алматы облысында 8 жасар бала құдыққа құлап көз жұмды

Алматы облысында 8 жасар бала құдыққа құлап көз жұмды

Алматы облысында 8 жастағы бала ойнап жүріп құдыққа құлап қаза болды.

«19 қаңтар күні сағат 17:10-да Алматы облысының ТЖ департаментіне 2012 жылы туған ұл бала сағат 15:40 шамасында Жамбыл ауданы Ақтерек ауылының шетінде ойнап жүріп, өзінің абайсыздығынан суы бар ашық құдыққа (ескі сумен жабдықтау жүйесі, жұмыс істемейді, қақпағы жоқ, тереңдігі 2 метр) құлап, оқиға орнында көз жұмғаны туралы мәлім етілген», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық комитеті «Трассов-медициналық-құтқару орталығының» қызметкерлері, «Тарғап», Алматы облысының төтенше жағдайлар басқармасы және Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері келді. ҚР ІІМ ТЖК ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға, оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.