{metadescription}
Германияда ішіп-жеп көңіл көтерген 8 магистрант оқудан шығарылды

Германияда ішіп-жеп көңіл көтерген 8 магистрант оқудан шығарылды

Германияда ішімдік ішіп, видеоға түсіп қалған магистрант-шенеуніктер оқудан шығарылды.

Бұл туралы Сот төрелігі академиясының ресми сайты хабарлады. Германияда білімін жетілдіріп жүрген Сот төрелігі академиясы "Құқықтану" мамандығының 8 магистранты оқудан шығып қана қоймай, мемлекет төлеген шығындары мен шетелде тағлымдамадан өтуіне жұмсалған қаржыны қайтаратын болды.

Магистранттар академия ректоры Зәуреш Баймолдина қол қойған бұйрыққа сәйкес, аталған магистранттар "жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтамағаны" және "өз іс-әрекетімен және қылығымен қоғам тарапынан сынға жол беріп, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесу және оларды болдырмау жөнінде шара қабылдамағаны" үшін оқудан қуылып отыр. Тағлымдамадан өтіп жатқан қазақстандықтардың оқудан шығуына 13 қаңтарда желіде шетелде оларға қатысты жарияланған видео себеп болған.

"Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында You Tube желісінің "БACE" каналында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының (бұдан әрі – Академия) магистранттары аталған бейнематериал жарық көрді. Жарияланыммен байланысты сұрақтарды қарастыру үшін Академияда комиссия құрылды", - делінген ресми мәлімдемеде. 

Академия магистранттарының тәртіп бұзушылығы расталған және оларды оқудан шығару туралы шешім қабылданған жағдайда олардан оқу үшін мемлекет тарапынан жұмсалған барлық қаражат, осы шетелдегі тағлымдамамен байланысты бюджеттік шығындар өтеледі.

Бұйрыққа сәйкес Академияның екінші курс магистранттары қатарынан оларды оқытуға жұмсалған бюджеттік шығындар мемлекетке өтеле отырып Басканбаева Дамира Бекболатовна, Джумагулова Айзада Богенбаевна, Ескен Аян Ынтымақұлы, Жеренширинова Асель Маликовна, Жолдасбаев Алишер Канатович, Касымова Зарина Ермековна, Кенжебаев Адлет Оралбекович, Утепбаева Гульжан Маратовна шығарылды. Екінші курс магистранттары Бисембаев Арсем Даулетовичке, Жанаев Ерлан Дулатовичке, Мамираимова Асель Сайлаубайкызына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.