{metadescription}
Мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бұрханов өмірден озды

Мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бұрханов өмірден озды

Қайғылы хабар жайында Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Facebook-парақшасында жазды.

«Жалған өмірай... Ұстазым, досым, әріптесім Камал Бұрханов дүниеден озыпты. Соңғы екі жыл төсек тартып жатып калған еді. Мағрипа жеңгем қолдан келгенше барлығын жасады. Амал нешік, бәрі бір жаратқанның қолында. Бақұл бол адал дос. Жаның жәннатта болғай Камал аға!», - деп жазды сенатор.

Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Камал Низамұлы 1954 жылы дүниеге келген. Ташкент университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. Атай атындағы Алматы мемлекеттік университеті заң факультетінің деканы, ҚР Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры қызметтерін атқарды.

IV және V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. 40-тан астам ғылыми жұмыстың, кітаптардың, мақалалар мен оқу құралдарының авторы. Бірнеше медальмен марапатталған

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.