{metadescription}
440 келілік балуан салмағы 100 келі болатын әйел іздейді

440 келілік балуан салмағы 100 келі болатын әйел іздейді

440 келілік пәкістандық балуан Арбаб Хизер Хайат өзіне жар іздейтінін мәлімдеді.

Талап бойынша, нәзік жандының салмағы 100 келіден асуы тиіс. 27 жастағы Хаяттың айтуынша, ол соңғы жылдары 200-ден астам қыздан бас тартқан, өйткені олар оған өте арық болған. Салмағы көп ер адам, егер әйелі өте нәзік болса, оны басып кетем деп қорқады.

«Ата-анам менің үйленгенімді қалайды. Олар немересүйгісі келеді, бірақ мен әлі жар таба алмадым», - деп түсіндірді ол.

Одан бөлек, пәкістандық азаматқа болашақ жарының бойы да маңызды. Хайаттың өзі 198 сантиметр болғандықтан, сүйіктісінің бойы 193 сантиметрден кем болмаса екен дейді. Балуанның әйелі тағамды да дәмді даярлауы тиіс. Себебі, пәкістандық күніне 10 мың килокалория тұтынады. Ол тек таңғы астың өзіне 36 жұмыртқа мен бірнеше кесе күріш жейді. Күн ішінде үш кило ет, бес литр сүт және бірнеше тостаған күріш алады. Сонымен бірге ол денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ екенін айтады.

Хаят ауыр атлетиктер мен мықтылардың халықаралық жарыстарына қатысады. Ол трактор сүйреген видеосы арқылы танылып, Пәкістандағы ең мықты азамат атанған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде