{metadescription}
Алматы тауында ілбіс видеоға түсіп қалды

Алматы тауында ілбіс видеоға түсіп қалды

Алматы тауында аландарын ерткен ілбіс фототұзаққа түсіп қалды.

Тауға фототұзақтарды ілбісті сақтау қоры қойды. Видеоға түсіп қалған керемет кадрлармен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

«Біздің камерамызға Данадан басқа, екі аланы бар тағы бір ілбіс түсіп қалды. Қазір барыстарды анықтау және оларға ат қойып төлқұжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде», - деп жазды Ержан Еркінбаев.

Фототұзаққа қар барыстары алғаш рет 2018 жылы түскен болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.