{metadescription}
Алматыда ерлі-зайыптының он жыл күткен баласы 10 күннен кейін шетінеп кетті

Алматыда ерлі-зайыптының он жыл күткен баласы 10 күннен кейін шетінеп кетті

Салмағы  төрт келіден асып туылған шекесі торсықтай нәресте  алғашында аман-есен үйіне шығарылған.

Жер қойнына тапсырылған шақалақ отбасындағы екінші бала. Алайда ата-анасы 10 жыл күткен нәресте жарық дүниені небәрі он күн ғана көрді. Қаңтардың 9-ы күні туылған сәби осыдан үш күн бұрын Алматыдағы перинаталды орталыққа жеткізілген. Алайда дәрігерлер баланың "құжаты жоқ" деп, бір жарым сағат бойы дәлізде күттіріп қойды дейді әкесі.

"№3 перзентханадағы перинаталды орталыққа әкелді. Біз баланың құжаттарын үйде ұмытып кетіппіз. Сондықтан мен оларды әкелгенше, бізді қабылдамады. Әйелім баланы ұстап дәлізде отырды. Тек сосын ғана ұлымды палатаға жатқызды. Бала ол кезде тоқтаусыз құсып жатқан", - дейді Илья Рогозин, баланың әкесі.

Дәрігерлер шақалақтың «биллирубині көп, денесі сарғайған» деген диагноз қойған. Сол бойынша ем-дом жасағанымен, кішкентай Андрей құсуын қоймай, жансақтау бөлімінен бір-ақ шығады. Оны бірден жасанды демалту аппаратына таңыпты. Бірақ сәбиді ақ халаттылар ажал аузынан алып қала алмады. Ал шақалақтың әкесі "балам сарғаю синдромынан емес, сары ауруға қарсы салынған екпеден өлді" деп отыр. 

"Перзентханада әйелім босанған бойда балаға гепатитке қарсы екпе жасады. Баламның өліміне осы вакцина себеп болды деп ойлаймын. Олар мүмкін екпенің мөлшерін арттырып жіберген шығар. Одан кейін баланың денесі сарғайып тұрса, перзентханадан шығаруға болмайды. Оны емдеу керек", - дейді Илья Рогозин, баланың әкесі.

Ал ақ халаттылар нәрестенің неден көз жұмғанын анықтауға арнайы комиссия құрылғанын жеткізді. Десе де, болжам бойынша бактериалды сепсис, яғни "қаны бұзылған" деген қорытынды шығарған. Сондықтан шақалақтың көз жұмуына "екпенің еш қатысы жоқ" дейді. 

"Баланың нақты неден көз жұмғаны гистологиялық зерттеу қорытындысы шыққанан кейін белгілі болады. Бірақ екпеден көз жұмды дегенге келіспейміз. Он күн ішінде комиссияның қорытындысын алып, құзырлы органдарға тапсырамыз. Перзентханадағы бала өлімі қала басшысының қатаң бақылауында", - деді Әсел Бейсенбаева, Алматы қалалық қоғамдық денсаулықсақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Ал он жыл күткен баласынан көз жазып қалған ата-ана ақ халаттыларды сотқа бермекші. Әлі де өзіне келе алмай есеңгіреп қалған Рогозиндер отбасы алдағы уақытта тиісті орындардың бәріне "шағым жазамыз" деп отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.