{metadescription}
9 жасар қыз соңынан аңдыған ер адамды алдап кетті

9 жасар қыз соңынан аңдыған ер адамды алдап кетті

Мәскеу облысы Ступино қаласында тоғыз жасар қыз артынан подъезге кірген күдікті ер адамнан қашып кетті.

Бұл оқиға тұрғын үйдің бейнекамерасына жазылып қалды. Видео әлеуметтік желілер арқылы жылдам тарап кетті. Кадрде оқушы қыздың кіреберіс есікке қарай жүріп келе жатқаны көрінеді. Ал ер адам артынан аңдып жүрді. Кішкентай қыз кіреберіске кіріп, біршама жүргеннен кейін қуысқа бұрылып кетеді. Мұны артында келе жатқан ер адам байқамай қалған. Сөйтіп, лифтке қарай өтіп кетеді.

Ер адам кіреберіс есіктің ашылғанын естігеннен кейін артқа қарай жүреді. Осы уақыттың ішінде 9 жасар қыз далаға шығып үлгереді. Ал бірнеше секундтан кейін таныс біреумен үйге кіреді.

Көптеген қолданушылар оқушыны оның тапқырлығы үшін мақтауда. Бірақ видео жасанды деп күдіктенгендер де бар. Белгілі болғандай, қызды қуған ер адам психоневрологиялық диспансерге тіркелген. Полиция істі тексеріп жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде