{metadescription}
Ресейде қазақстандық подполковникті өлтіріп кетті

Ресейде қазақстандық подполковникті өлтіріп кетті

Қазақстанның ІІМ өртке қарсы қызметінің 62 жастағы подполковнигі Санк-Петербургте жасалған шабуылдан қаза тапты.

"Фонтанка" порталының ақпаратынша, қайтыс болған қазақстандық офицердің аты Вячеслав Джексенов. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында кеше, 21 қаңтар күні сағат төрттер шамасында подполковникті өз үйінің жанында жасөспірімдер соққыға жығып, өлтірді деген ақпарат тарады. Шұғыл ауруханаға жеткізілген 62 жастағы ардагер бір сағаттан кейін көз жұмған.

РФ тергеу комитетінің Санкт-Петербург бойынша басқармасы осы оқиғаға қатысты ресми хабарлама жариялады. Оған сәйкес, тергеуге дейінгі тексеріс басталды. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам жазатайым оқиға кезінде қатты жарақат алды. Ол өз пәтеріне кіріп бара жатқанда шалқасынан құлаған.

"Журналистские расследования" ақпараттық агенттігі Джексеновтың Қазақстанның ІІМ ТЖК-де жұмыс істегенін хабарлаған. Соңғы жылдары ол зейнеткерлік демалыста болған екен. Джексенов 6 жыл бұрын Ресейдің солтүстік астанасына көшіп, сонда кәсіпкерлерге кеңес берумен айналысқан. Оқиға орнында тексеріс жүргізілді. Куәгерлерден жауап алынып жатыр. Сот-медициналық сараптама өткізіледі. Тергеу қызметінде оқушылардың ер адамды өлтіргені туралы ақпарат жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде