{metadescription}
Дәрігерлер аурудан қартайып кеткен қызды жасартып берді

Дәрігерлер аурудан қартайып кеткен қызды жасартып берді

Қытайдың Ляонин провинциясында терісі әжімденіп, салбырап кеткен қыз өмірге қайта келгендей.

Дәрігерлер ота жасап, қыздың бетін жасартып берді. Сяо Фэн сирек кездесетін генетикалық ауытқудан - прогериядан зардап шекті. Аурудың кесірінен 15 жасар қыз кемпірге ұқсап, сыныптастары тарапынан қысым көрген. Ол филтропист Гуо Миньиге жүгініп, оған хат жазды.

Хатында ол қалыпты өмір сүруді, дәрігер ретінде оқуды және өтіп бара жатқан адамдардың көзқарастарынан қорықпайтындай күйде жүргісі келетінін жасады. Миньи оның емделуіне қаражат жинай бастады, оның емі шамамен 506 мың қытай юанға бағаланды. Операция өткен жылдың 29 желтоқсанында 10 хирург, 3 анестезиолог және 5 медбикенің бақылауымен өтті және 7,5 сағатқа созылды. Мамандар қыздың бетінен 7 сантиметр артық теріні алып тастады.

Дүйсенбі, 20 қаңтарда Сяо Фэнг Ляонин провинциясының Шэньян қаласында өткен баспасөз конференциясында пластикалық хирургия нәтижелерін көрсетті. Онда ол ұзақ уақыттық қалпына келтіруден кейін алғаш рет айнадағы жүзін көрді. Қыз жылап, ата-анасын құшақтады. Оған операция жасаған аурухана емделуге ақы алмады. Басшылық Сяо Фэннен жиналған ақшаны сауықтыру және болашақ медициналық зерттеулерге жұмсауды сұрады.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

05 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.