{metadescription}
«Қазақмыс» кәсіпорнының басшысына шабуыл жасаған кісі мәслихат депутаты болған

«Қазақмыс» кәсіпорнының басшысына шабуыл жасаған кісі мәслихат депутаты болған

Кәсіподақ маманы мен бас директордың арасындағы араздықтың себебі, Тәжбеновті кәсіподақ басшысы қызметінен босату ниеті болған.

21 қаңтарда «Қазақмыс» корпорациясының тау-кен байыту комбинатының бас директоры Амангелді Мініғұлов пен оның әріптесі Сабыржан Тембаевты өлтіруге әрекет жасаған «Кәсіпқорған» ұйымының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов Сәтпаев мәслихатының депутаты болған. Жезқазғандық қоғам қайраткері Берік Жағыпаровтың айтынша, кәсіподақ маманы мен бас директордың арасындағы араздықтың себебі, Тәжбеновті кәсіподақ басшысы қызметінен босату ниеті болған.

«Тоғызбай Тәженовке өз еркімен қызметінен кету ұсынылған. Ол мұны қаламады. Мүмкін, кеше кешкісін «Қазақмыс» корпорациясының тау-кен өндіру кешенінің бас директорымен әңгіме барысында ол үмітсіздікке ұшыраған болар. Тоғызбай Тәжбенов табиғаты бойынша парасатты және байсалды адам. Алтыншы шақырылымдағы Сәтпаевтың қазіргі депутаты болған», - деді Жағыпаров.

Тоғызбай Тәжбенов еңбек жолын шахтер болып бастаған. Содан кейін ол әкімшілік қызметкер болды. 

«Ол әрқашан сабырлы және байсалды болды. Тек үмітсіздік пен эмоционалды толқулар кешегі осындай қайғылы салдарға әкелуі мүмкін», - деп толықтырды Берік Жағыпаров.

Еске сала кетейік, «Қазақмыстың» бас директорына қастандық жасалғанын жазған болатынбыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.