{metadescription}
Түркістандық азамат айып тұрағындағы 8 автокөлікті өртеп жіберді

Түркістандық азамат айып тұрағындағы 8 автокөлікті өртеп жіберді

Күдіктінің іс-әрекеті тұрақ аумағында орналасқан бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалған.

Түркістан облысының Сайрам ауданына қарасты Қарасу ауылдық округінің айыппұл тұрағындағы автокөліктерді біреу өртеп жіберген. Өрт туралы хабарлама өртке қарсы қызмет пультіне сағат 05:55-те келіп түсті. Барлық қажетті шаралар іске асырылып, 8 минуттан кейін өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады. Яғни сағат 06:38-де өрт сөндірілді. Бұл оқиғада зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Тұрақта барлығы 39 автокөлік болған. Ал өрт салдарынан 8 автокөлікке материалдық шығын келтірілген. Күдіктінің іс-әрекеті тұрақ аумағында орналасқан бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалған. Ер адамның жеке басы анықталды, ол Сайрам ауданы Манкент ауылының тұрғыны болып шықты. Тәртіп бұзушыны полиция қызметкерлері ұстап, көлігін құжатсыз, мас халде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартып, автокөлігі айып тұрағына қойылған болатын.

Ал күдікті болса, түнгі уақытта қоршаудан өтіп, өз автокөлігіне келіп, оны өртеп, оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында ер адам аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін ҚР ҚК-нің 202-бабының 2-бөлігі (бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша жүргізілуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.