{metadescription}
Грекияда тұңғыш рет әйел президент сайланды

Грекияда тұңғыш рет әйел президент сайланды

Грекияның қазіргі президенті Прокопис Павлопулостың өкілеттік мерзімі 2020 жылдың 13 наурызында аяқталады.

Грекия президенті болып Екатерина Сакелларопулу сайланды. Ол бұған дейін Грекияның жоғарғы әкімшілік соты – мемлекеттік кеңес төрағасы болған. Осылайша, Грекия мемлекетін тұңғыш рет әйел басқарады. Дауыс беру рәсімі 22 қаңтар күні парламентте өтті. Оның нәтижесінде Екатерина Сакелларопулу үшін 300 депутаттың 260-тан астамы дауыс берді. Бұл дауыс саны президент боп сайлану үшін жеткілікті.

Грекия заңы бойынша, мемлекет басшысын парламент премьер-министрдің ұсынысы бойынша бес жыл мерзімге сайлайды. Фракциялар да өз үміткерлерін ұсына алады. Регламентте президенттікке үміткерді талқылау қарастырылмаған. Грекияның қазіргі басшысы Прокопис Павлопулостың өкілеттік мерзімі 13 наурызда аяқталады. Бұл елде президент негізінен мемлекет өкілі функциясын атқарады, негізгі билік премьер-министр қолында.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде