{metadescription}
Боран күшейді: құтқарушылар тұрғындарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады

Боран күшейді: құтқарушылар тұрғындарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады

Өрт сөндірушілер, полицейлер, құтқарушылар мен медицина қызметкерлері қолайсыз ауа райы кезінде қазақстандықтарға көмектесу үшін күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Құтқарушылар Нұр-Сұлтанда қатты боран соғуына байланысты астаналықтардың жұмыс күнін қысқартуға шақырады. Жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшеюі мүмкін, деді қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов.

"Барлық бизнес-құрылым, ұйымдар, оның ішінде құрылыс ұйымдарына әсіресе биіктіктегі жұмыстарды орындаудан бас тартуға және жұмыс күнін қысқартуға кеңес береміз", - деді Сыздықов бейсенбі күні журналистерге.

Тек қала тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар, атап өтсек, өрт сөндіру қызметі, полиция, төтенше жағдайлар департаменті, жедел медициналық жәрдем мен коммуналдық қызметтер жұмыстарын әдеттегідей істеуі тиіс, делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.