{metadescription}
Көкшетауда студент университеттің 6-шы қабатынан секіріп кетті

Көкшетауда студент университеттің 6-шы қабатынан секіріп кетті

Ақмола облысында студент сабақ үстінде алтыншы қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде оқиғаның бүгін болғанын хабарлады.

«Бүгін сағат 13:15-те белгісіз адам телефон арқылы хабарласып, жас жігіттің Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің алтыншы қабатынан секіргені туралы айтты. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы құлаған адамның осы білім ордасының студенті екенін және сабақ үстінде алтыншы қабаттағы аудиторияның терезесінен секіргенін анықтады», - дейді ведомстводан.

Қазір студент жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде