{metadescription}
Тоқаев барлық мектептер мен балабақшаларға бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырды

Тоқаев барлық мектептер мен балабақшаларға бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшыларына мектептер мен балабақшаларға толығымен видеокамера орнатуды жүктеді.

«Кейінгі жылдары балалар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу жағдайы көбейіп барады. Балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайлары да азаймай тұр. Үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен бірлесіп, мұндай теріс үрдістің алдын алу үшін шараларды қабылдау қажет. Осы мәселеге қатысты шетелдердің озық тәжірибесін қолдануға болады», - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы өңір басшыларына биыл 100 пайыздық деңгейде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерге бейнебақылау камерасын орнату жұмысын аяқтауды тапсырды.

«Таразда болған оқиға – нағыз масқара», - деп қосты президент.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.