{metadescription}
Елорда маңында қасқыр жүр: полиция видеоға түсініктеме берді

Елорда маңында қасқыр жүр: полиция видеоға түсініктеме берді

23 қаңтарда Youtube желісіне шыққан бір видеода автор Көктал жақта қасқырлардың жүргенін айтқан.

Астаналықтар арасында Көктал мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы маңында жүрген қасқырлар туралы видео тарап жатыр. Полицейлер фейк ақпарат таратқандарды іздестіруде. 23 қаңтарда Youtube желісіне шыққан бір видеода автор Көктал жақта қасқырлардың жүргенін айтты. Бірақ оларды жақыннан көрсетпеген. Жеті секундтық роликте жолда қандай жануардың жүргені анық көрінбейді. 

Бұдан бөлек, WhatsApp мессенджерінде бір үйір қасқырдың екі итті жарып кеткені туралы видео тарап кетті. Бұл оқиға Ресейдің Архангельск облысындағы Нёнокс ауылында болған. Тура сондай бір видео Ресейдің Калуга қаласында түсірілген. Онда екі жігіт көліктің ішінен бір үйір қасқырды видеоға түсіріп алған.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қасқырларға қатысты мәліметті жоққа шығарды, деп жазады sputniknews.kz.

"Көктал мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы маңында бір үйір қасқырдың жүргені туралы видеодағы дерек шындыққа жанаспайды. Нұр-Сұлтан полицейлері фейк хабарламаның авторларын іздестіріп жатыр. Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады", - деді полиция қызметкерлері.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде