{metadescription}
Түркияда жойқын жер сілкінісінен бірнеше адам қаза тапты

Түркияда жойқын жер сілкінісінен бірнеше адам қаза тапты

Түркияның шығысында 6,8 балдық жер сілкінісі болды.

Түркия төтенше жағдайлар және табиғи апаттар агенттігінің басшысы Мехмет Гюллюоғлы жер сілкінісінің Элязыг провинциясы Сивридже қаласы аумағында болғанын мәлімдеді. Зізаладан 15 адам қаза тауып, 553 тұрғын емханаға жеткізілген. Түркияның қоршаған ортаны қорғау және қала құрылысы министрінің айтуынша, Элязыг провинциясының Сивридж уезде 5 және Малатья провинциясындағы Доганйол ауданында 25 ғимарат құлаған.

Жер сілкінісі жақын маңда орналасқан Диярбакыре, Адыямане және Самсун провинцияларында да сезіліпті. Бұған қоса, жер асты дүмпулерін Израиль, Ирак пен Сирия тұрғындары да сезген екен. Билік өкілдерінің хабарлауынша, көптеген жерде үйінділер астында адамдар болуы мүмкін, сондықтан құрбандар саны алдағы уақытта өсуі ғажап емес.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде