{metadescription}
Маңғыстаулық мұғалім оқушыларға кітап лақтырған

Маңғыстаулық мұғалім оқушыларға кітап лақтырған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында мұғалімнің сабақ түсіндірудегі ерекше әдісі видеоға түсіп қалды.

Белгілі болғандай, оқиға Шерқала ауылындағы №11 мектепте болған (Маңғыстау-4). Мұнайлы аудандық білім бөлімі оқиғадан кейін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

«Мұғалімнің ерсі әрекеті бүгін аудан әкімдігінде кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады. Бұл іс білім бөлімінің бақылауына алынды», - деп мәлімдеді аудандық білім бөлімінің өкілі.

Басылымның мәліметінше, Маңғыстау мұғалімінің балаларға кітап лақтырған видеосы желіде пайда болды. Оқиға 23 қаңтарда болған.

Дереккөз: Skifnews.kz
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде