{metadescription}
Cемейде 9 жасар бала жоғалып кетті

Cемейде 9 жасар бала жоғалып кетті

Семейде із-түссіз жоғалып кеткен 9 жастағы бала іздестірілуде.

24 қаңтар күні сағат 9.00 шамасында үйден шығып кеткен Айдар Егізбаев сол күйі қайтып оралмаған. Бүгінде тәртіп сақшылары іздестіру шараларын жүргізуде. Жоғалған баланы табуға еріктілер де атсалысуда.

«Айдардың бойы 120 см. Арық денелі, шашы қысқа, көзі қоңыр. Сары спорттық күртеше, шапка, шалбар, қара етік киген. Балаға қатысты қандай да бір ақпарат білетіндерден «102» желісіне хабарласуды сұраймыз», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде