{metadescription}
Теміртауда көшеде әйелді аямай ұрып-соққан

Теміртауда көшеде әйелді аямай ұрып-соққан

Қарағанды облысы Теміртау қаласында көшенің қақ ортасында әйелге шабуыл жасалды.

Желіде бұл оқиғаның видеосы да жарияланды. Кадрларда ер адам өз құрбанын ұрғылап, сөмкесін тартып алуға тырысады. Бірақ қыз оған қарамастан сөмкесін бермейді. Оны жерге құлатып, ұрып-соға бастайды. Ал ол барынша қорғануға тырысады. Біраз уақыттан кейін ер адам діттеген мақсатына жете алмай кетіп қалады. Оқиға 23 қаңтарда Гагарин даңғылында болған.  Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі қыздың арыз жазғанын хабарлады.

"Бұл дерек полицияда тіркелген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады аймақ полицейлері.
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде