{metadescription}
Семейде із-түзсіз жоғалған бала табылды

Семейде із-түзсіз жоғалған бала табылды

Шығыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалған тоғыз жастағы бала табылды.

Полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалып кеткен тоғыз жастағы ұлды тапты. Ол аман-сау.

"Баланы іздестіру жұмысы сәтті аяқталды. Ол бүгін таңертең Бобровка ауылының көшелерінің бірінен табылды. Қазір тәртіп сақшылары ұлдың осы уақытқа дейін қайда болғанын анықтап жатыр. Полицейлер баланы ата-анасына тапсырды. Оны дәрігерлер тексерді, оқушының өміріне ешқандай қауіп жоқ", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, екі күн бойы Семей маңындағы Бобровка ауылында іздестіру жұмыстары жүргізілген. Одан кейін ауыл жанындағы аумақ та қамтылған. Адамдар мен техника барынша көп жұмылдырылған екен. Екінші сынып оқушысы 24 қаңтар күні таңертең Бобровка ауылында дүкенге шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен болатын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде