{metadescription}
Танымал баскетболшы қызымен бірге тікұшақ апатынан қаза тапты

Танымал баскетболшы қызымен бірге тікұшақ апатынан қаза тапты

АҚШ-та тікұшақ апатынан аты аңызға айналған баскетболшы Коби Брайант пен 13 жасар қызы Джианна Мария қаза болды.

Әуе апаты болған кезде олар достарымен бірге тікұшақпен жаттығуға бара жатқан. Тікұшақ таңертең, 26 қаңтар күні Лос-Анджелес округіндегі Калабасас қаласының маңында құлады. Бортта барлығы тоғыз адам болған: бір пилот және сегіз жолаушы. Бәрі көз жұмды.

Апаттың себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында өртсөндірушілер жұмыс істеп жатқаны айтылады. 41 жастағы спортшының қазасын Калабасас қаласының билігі растады.
АҚШ-тың бұрынғы президенті қайғылы оқиғаға қатысты өзінің Twitter-інде жазба жариялады.

"Коби алаңның аңызы еді. Ол өзі үшін аса маңызды жұмысты енді қолға алған болатын. Джианнадан айырылу біз үшін өте қайғылы. Мишель екеуіміз Брайанттың отбасы үшін сыйынып, махаббатымызды жолдаймыз", - деп жазды Обама.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде