{metadescription}
Су тасқыны болып, 30 адам мерт болды

Су тасқыны болып, 30 адам мерт болды

Бразиялияның Минас-Жейрас штатындағы қатты жауын-шашын мен соның салдарынан болған су тасқыны кезінде 30 адам мерт болды.

Бразилияның Азаматтық қорғаныс Ұлттық басқармасының мәліметі бойынша, табиғат апатынан мерт болғандар саны сенбі күні 25 болып, жексенбі таңертең 30-ға жетті. Одан бөлек, 17 адам із-түзсіз жоғалып кетті, жеті адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды. 2 500-нан аса адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Белу-Оризонти штатының астанасында бейсенбіден жұмаға дейін, 1910 жылы бақылау басталғалы болмаған рекордтық мөлшердегі жауын-шашын – 171 миллиметрден көп түскен. Синоптиктердің айтуынша, жексенбіден бастап жаңбыр мөлшері азая бастайды. Басқарма мәліметінше, штаттағы 9 қала мен Белу-Оризонти штатында көшкін жүру қаупі бар.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.