{metadescription}
Алматыда мәжіліс депутатын тонап кетті

Алматыда мәжіліс депутатын тонап кетті

Алматыда Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті мүшесі Ирина Смирнованы ұрылар тонап кетті.

Бұл туралы Смирнова Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Алматының орталығында мені тонап кетті. Ұрылар көлігімнің терезесін сындырып, сөмкені алған. Сөмкеде аса құнды заттарым болмаған еді. Құжаттарым өзіммен бірге жүретін кішкентай сөмкеде болатын", - деп жазды Ирина Смирнова.

Айтуынша, сөмкесінде бағалы заттар болмаған. Құжаттары басқа кішірек сөмкенің ішінде болған. Депутат полицияға арыз жазғанмен, тергеудің жүріп жатқанына күмән келтірді. Алматы полициясы департаментінің ақпаратынша, ұрлық фактісі осы жылдың 5 қаңтарында болған.

"Арыз Қылмыстық кодекстің 188-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді", - делінген хабарламада.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде