{metadescription}
Әйел жаңа туған сәбиін кір машинада айналдырып өлтірген

Әйел жаңа туған сәбиін кір машинада айналдырып өлтірген

Көпбалалы ана жаңа туған шақалағын кір машинаның ішіне салып жіберіп, техниканы іске қосқан. 

Жантүршігерлік оқиға Ресейдің Свердлов облысына қарасты Талица қаласында болған. Оқиға 23 қаңтар күні болған. Түнде күйеуі мен үш үлкен баласы ұйықтап жатқанда, әйелдің толғағы келіп, мезгілінен бұрын босанған. Ол бірден жаңа туған нәрестені кір машинаға салып, жуып, одан соң оны өлі туды деп мәлімдеген.

Көршілердің сөзінше, оның жұбайы полиция шақыртқан. Айтуынша, ер адам таңертең балаларын сабаққа апару үшін тұрған кезде әйелінің жерде қансырап жатқанын көріпті. Оқиға орнына құқық қорғау органдары келіп, жеткен. Оқиғаға қатысты тексеріс жүргізілуде. ІІМ мен Тергеу комитеті әзірге ресми пікір білдірмеген.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде